Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ауыл тұрғынынан марихуана тәркіледі

Түркістандық полицейлер ауыл тұрғынынан 30 данадан астам марихуана орамасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сайрам ауданында есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер Сайрам ауданының тұрғынын есірткі сақтады деген күдікпен ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның сандығынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар 30 данадан астам орама (полиэтилен пакеті) тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, есірткі заты жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер істің толық мән-жайы мен тұрғынның есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру