Талдықорғанда ПД қызметкерлері жергілікті студенттерге полиция қызметі бойынша экскурсия ұйымдастырды
Талдықорғанда ПД қызметкерлері жергілікті студенттерге полиция қызметі бойынша экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті колледж студенттеріне полиция қызметі бойынша ұзақ мерзімді экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Полиция департаменті Талдықорған политехникалық және заң колледждерінің студенттеріне есігін айқара ашты.
Іс-шара «Полициядағы бір күн» жобасы аясында өтті, оның басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысымен таныстыру, полицияға деген сенімді көзқарасты қалыптастыру, ІІО тарапынан тиімді қорғалу сезімін және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Полицияның сервистік тәсілге көшуіне негізгі басымдықтар қоғаммен ашық диалог және халықтың мұқтаждарына жедел ден қою, азаматтарға сапалы полиция қызметтерін көрсету болып табылады.
Студенттер жедел басқару орталығының, криминалист-сарапшылардың және кинологиялық қызмет орталығының жұмысымен танысты. Экскурсия барысында қонақтар Жетісу милициясы мен оның негізін қалаушыларының бүкіл тарихын қамтитын департаменттің мұражайына барды. Студенттерге «102» дабыл желісіне қоңыраулар қалай түсетіні және тіркелетіні, түрлі сараптамалар қалай жүргізілетіні және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын нарядтардың іс-қимылдары қалай үйлестірілетіні көрсетілді.
Сонымен қатар қонақтар үшін ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу ережелерін түсіндіре отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қазіргі жағдайда экстремизмнің алдын алу, өмір сүру үшін қажетті дағдылар мен қол-саусақтарының қимылымен белгі беру, есірткіге төзбеушілік бойынша тренингтер ұйымдастырылды.
Іс-шара жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің көрнекі қойылымымен аяқталып, қорытынды шығарылып, қатысушыларға тиісті сертификаттар табыс етілді.
Қосымша ақпарат ретінде полицияға қызметке орналасу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық және қалалық полиция басқармаларының кадр бөлімдерінің қызметкерлерінен тиісті ақпарат ала алатынын хабарлаймыз.