Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД-ға қарасты өндірістік аймағында кәсіпкерлер сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр

Қызылорда облыстық ҚАЖД-ға қарасты өндірістік аймағында кәсіпкерлер сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Колониядағы еңбек дағдысы – табысты болашақ кепілі. Осы мақсатта Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында алты кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі полистиролбетон блок шығаратын цех. Маусымдық жұмыс болғандықтан азирге 6 адам жұмыс жасап жатыр. Наурыз айынан бастап тұтынушы талабына байланысты адам саны көбейту жоспарланыап отыр.

Қазіргі уақытта мекеме басшылығының рұксатымен сотталғандарға видеокурс жүргізіліп жүр. Видеокурста полистиролбетон блоктарды қалай шығарылатыны, құрал-саймандармен танысу жіті көрсетілген. Үш жыл көлемінде жұмыс жасап жатқан сотталғандар шығаратын өнім тұтынушылар сұранысына ие.

– Осындай видеокурстарды өткізу өте пайдалы. Жұмысшы жұмыс барысын өз көзімен көріп, жұмыс берушілермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, бостандыққа шыққанда дайын маман атанады. Қазіргі уақытта біздің цехта жұмыс жасап, еркіндікке шыққан 2 сотталған осы салада жұмыс жасап жүр, – деді кәсіпкер Санат Шалбуов.

– Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Мекеменің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаламыздағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізілді. Жеке кәсіпкерлерді өз кәсібін дамыту мақсатында мекемемізге шақырамыз», – деді өз сөзінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Бағлан Қалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру