Ақмола облысында жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін 15 лауазымды тұлға жазаланды
Ақмола облысында жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін 15 лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 470-тен астам полиция қызметкері ауқымды жұмыстарға жұмылдырылды. Оның мақсаты – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.
Құзыретті қызмет қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен апаттылықтың алдын алудың басым бағыттары бойынша жұмыс жандандырылды: мас күйде көлікті басқару, қозғалыс жылдамдығының белгіленген шегінен асып кетудің және басып озудың, қарсы бағыт, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін қолдану және ұялы телефон арқылы сөйлесу ережелерін бұзудың алдын алу.
«Қауіпсіз жолдың» үш күнінде өңірде 2870-тен астам ЖҚЕ бұзушылықтары жойылды. 23 мас жүргізуші және басқару куәлігі жоқ 44 жүргізуші ұсталды және жауапқа тартылды.
Патрульдік полицейлер көлік құралдарын заңсыз түрлендірудің 11 фактісін анықтады.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жүзеге асыратын 10 азамат жауапкершілікке тартылды.
Жолдарды 88 тексеру жұмыстары жүргізілді, олардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ауа-райына байланысты қозғалысты шектеу туралы хабарламаларды елемеуге болмайды.