Шымкентте көліктен әуен тыңдайтын құрылғыны ұрлап кеткен
Шымкентте көліктен әуен тыңдайтын құрылғыны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген. Ол арызында, үйінің ауласында тұрған Маzda автокөлігіне белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, ішінен әуен тыңдайтын құрылғыны қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 10 мың теңгені құраған.
Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмысты ашу үшін шұғыл түрде іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, жақын маңайдағы азаматтардан түсінік алынды. Нәтижесінде ұрлық жайтына қатысы бар азаматтар анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол Шымкент қаласының қос тұрғыны болып шықты.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдіктілер түнгі сағат 01:30 шамасында көше бойында ешкім жоқтығын пайдаланып, маңайдағы үйлердің біріне қақпасы арқылы заңсыз кірген. Аулада тұрған автокөліктің ішіндегі әуен тыңдайтын құрылғыны шешіп, ұрлап, бой тасалаған. Техникалық заттарды сатып, бас пайдаларына жаратпақ болыпты.
Сондай-ақ ұсталған азаматтар өз кінәларын толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғанын және бұл үшін өкінетіндерін жеткізді.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК-тің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.