Қостанай облысында 9 шетелдік азамат елден шығарылды
Қостанай облысында 9 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20-28 ақпан аралығында Қостанай облысының аумағында «Мигрант» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Осы кезеңде көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік азамат анықталды. Олардың барлығы соттың шешімімен елден шығарылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 106 азаматы ішкі істер органдарына шетелдіктердің болуы туралы хабардар етпегені үшін, 6 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
– 6 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп Қостанай облысының ПД «Мигрант» жедел алдын-алу шарасының қорытындысын жариялады.
Мәселен, Ұзынкөл ауданының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзған 33 жастағы Өзбекстан азаматы анықталды. Сот шешімімен ол елден шығарылды.
– Аталған жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты-сот шешімі бойынша бұрын шығарылған шетелдік азаматтарды, сондай-ақ құқықтық мәртебесін реттеуге жәрдемдесу және елден тыс жерлерге шығуды қамтамасыз ету үшін қаржы қаражаты мен азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктерді анықтау, – деп атап өтті облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.