Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Жетісу облысында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, кезекті есірткі сататын нүктені жойды. Полицейлер есірткі саудасына күдікті ерлі-зайыптыны ұстады. 


– Ерлі-зайыптылар өсімдік тектес есірткі заттарын тарату және сату фактісіне қатысы бар деп күдікке ілінді. Ерлі-зайыптылардың екеуі де жалпы салмағы шамамен 10 грамм болатын гашиштің екі дозасын сату кезінде ұсталды. Фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр, – деді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 23 келі түрлі есірткі тәркіленді. Есірткі саудасына  қатысы бар 8 күдікті ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру