Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкері “Күміс алқа” наградасына ие болды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.
Полиция қызметкері Роза Искаренова – алты баланың анасы. 7 наурыз күні Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев “Күміс алқа” алқасын жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторына табыс етті.

Роза Искаренова – қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан спорт шебері, қоян-қолтық жекпе-жектен әлем чемпионы (Мәскеу қаласы, 2013 жыл), ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы (Сеул қаласы,  2014 жыл), қоян-қолтық жекпе-жектен әлемнің күміс жүлдегері (Мәскеу қаласы, 2015 жыл), қоян-қолтық жекпе-жектен әлемнің қола жүлдегері (Мәскеу қаласы, 2017 жыл), Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан көптеген халықаралық, республикалық және облыстық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері.

Роза Искаренова ішкі істер органдарындағы табысты спорттық мансабы мен лайықты қызметін алты баланы тәрбиелеумен ұштастырады. Үлкені Арлан 15 жаста, ал ең кішісі Самир 1 жас үш айлық. Жас болғанына қарамастан, ұлдары Арлан, Арман, Айбат, қыздары Дария мен Даяна спортпен шұғылданады және алғашқы спорттық жетістіктеріне ие.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы әріптесі және көп балалы ана Роза Искаренованы “Күміс алқа” жаңа атағын алуымен құттықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру