Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі астаналық азамат кеңседен энергетикалық сусындарды ұрлап кеткен

Екі астаналық азамат кеңседен энергетикалық сусындарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, жігіттер күндізгі уақытта бизнес орталығына келіп, есігі құлыпталмаған кеңселердің бірінде Gorilla энергетикалық сусынының екі қорабын көрген. Үй-жайда ешкім жоқ екенін пайдаланып, олар сусын қораптарын ұрлап кеткен.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар астаналықтарды анықтады. 

Ұрылар энергетик сусындарды пайдаланып үлгермеген, оны полицейлер тауып алып, тәркілеген. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды, шағын және орта бизнес нысандарын күзет дабылымен және бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру