Балқаш көлінен заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
Балқаш көлінен заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 наурыз күні облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің қызметкерлері Балқаш қалалық балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Сағат 18:00 шамасында олар Балқаш көлінің маңында тұрған жеңіл автокөлікті байқаған. Оқиға орнынан заңсыз балық аулап отырған 48 жастағы Приозерск қаласының тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері одан жалпы салмағы 118 келі үш қап балықпен 400 метр ау және мұз оятын ломмен күрек тәркіледі.
Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.