Қызылорда облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғын сотталды
Қызылорда облысында бірнеше рет алаяқтық жасаған тұрғын сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының тұрғыны, 44 жастағы әйел 2022 жылдың қазан айында жұмысқа орналастырып беремін деп екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған.
Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын – млн теңге.
Тергеу барысында күдікті әйелдің жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен анықталып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланған.
21 ақпанда сотталушы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.