Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде алаяқтық жолмен өзгенің телефонын иемденіп алған күдікті анықталды

Ақтөбеде өзін «полиция қызметкері» ретінде таныстырған жігіт өзгенің телефонын алып, ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 13 жастағы оқушының анасы арызданды. Оның айтуынша, белгісіз адам алаяқтық жолмен өзін оқушыға полиция қызметкері ретінде таныстырып, телефонның ұрланған-ұрланбағанын тексеру сылтауымен оның телефонын иемденіп алған.

Видеоға сілтеме осы жерде.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Күдікті ісін мойындап және ақша керек болғандықтан телефонды ломбардқа тапсырығанын айтты.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру