Жетісу облысында заңсыз айналымнан 26,5 келі түрлі есірткі тәркіленді
Жетісу облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 26,5 келі түрлі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында үш айда 56 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 26,5 келі түрлі есірткі тәркіленді.
Полицияның күшімен 14 есірткі сатушы ұсталып, жауапқа тартылмақ. Сондай-ақ есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаудың 7 фактісі және оларды заңсыз жарнамалаудың 1 фактісі тіркелген.
– Көбінесе өсімдік тектес есірткі тәркіленді. Бұл санатқа заңсыз айналымнан алынған салмағы 23 келіден асатын марихуана мен гашиш кіреді. Әсіресе, жастар арасында танымал болып келе жатқан «синтетика» деген қауіпті. Арнайы іс-шаралар барысында бірнеше пәтерді анықтауға мүмкіндік туды, ол пәтерлерде синтетикалық есірткі заттарын доза бойынша буып-түйген және сақтаған. Жалпы айналымнан 2,5 келі жуық «синтетика» тәркіленді – деп хабарлады облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Осы жылдың қаңтар айында полиция қызметкерлері түрлі интернет-сайттар мен қосымшаларды пайдалананып, есірткіні заңсыз жарнамалау және насихаттаумен айналысқан Талдықорған қаласының екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер интернетте жүк тиеуші мен бөлшектеп өлшеушіні жалдау туралы хабарландыруларды шынымен де орналастырғанын мойындады, онда сілтемелерді қоса көрсете отырып, есірткіні қойып кетуші немесе есірткі курьері ретінде жұмыс ұсынған. Ақпан айының ортасында есірткіні қойып кетумен айналысты деген күдікпен 18 жастағы Текелі тұрғыны ұсталды, жалпы салмағы 9,77 грамм болатын Пирролидин тәркіленді. Сондай-ақ ақпан айында жедел уәкілдер Талдықорған қаласындағы жалдамалы пәтерде синтетикалық есірткілерді кейіннен тарату үшін буып-түюмен айналысқан 21 жастағы қызды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту кезінде 2 келіден астам есірткі, сондай-ақ электрондық таразылар, зип-пакеттер және басқа да буып-түю материалдары тәркіленді.
Облыс полициясы есірткі сатушылардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Желідегі жұмыстың сипатын алдымен тексеріп алыңыз, жоғары табыс туралы ұсыныстарға сене бермеңіз. Есіңізде болсын, есіткіні қойып кетуші және есірткі курьерлерін қатаң жауапкершілік күтіп тұр. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік жасөспірім кезінен басталады. Жаза өте қатаң болады. Ең жоғарғы мерзім – өмір бойына бас бостандығынан айыру.