Атты полиция Семейдегі тәртіпті күзетуде
Атты полиция Семейдегі тәртіпті күзетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннің жылына бастауына байланысты Семей қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы қайтадан облыс орталығының көшелерін патрульдейтін болады.
Қысқы кезеңнен кейін жануарлар вакцинациядан өтеді, сол уақыт аралығында оларды мінуге болмайды.
Қалалық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, жылқылар қаладағы көліктердің жетуі қиын бөліктерін патрульдеу керек болған жағдайда қажет.
– Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте, полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді, – дейді қалалық полиция бастығы.