Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жеке үйдің металл қоршаулары мен шатырын шешіп алып кеткен

Астанада жеке үйдің металл қоршаулары мен шатырын шешіп алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға жеке үйдің аумағынан металл конструкциялардың ұрланғаны туралы хабарлаған.

Белгілі болғаны, түнгі уақытта үй иелері ұйықтап жатқанда, жақын жерде тұратын қаскөй Абайдың 150 жылдығы көшесіндегі үйге келіп, 6 дана металл қоршауларды шешіп, алып кеткен. Содан кейін, үй аумағына заңсыз кіріп, мангал мен кіреберіс шатырын алып шыққан. Ол ұрланған заттардың бәрін таксимен алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар 23 жастағы жігіт анықталды, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полицияға жеткізілген азамат мойындау көрсетпелерін берді, сонымен қатар ұрланған қоршаулар металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырылғанын айтты.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері заттай дәлелдемені тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру