Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізген азамат ұсталды

Алматыда есірткілік мас күйде мотоцикл жүргізген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында «Буран-126» патрульдік экипажы апаттық жағдай жасаған мотоциклшіні байқап қалған. Тәртіп сақшыларының тоқта деген заңды талаптарына бағынбаған жас жігіт қашып кетпек болған. Алайда бекер. Патрульдік қызметкерлер оны Левитан көшесінде тоқтатты.

– Мотоциклшінің мінез-құлқы жол қозғалысына қатысушылар үшін өте қауіпті болды. Медициналық сараптама оның есірткіге мас болғанын анықтады. Құқық бұзушы көлік құралын басқарудан айырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлімі және ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Ол сондай-ақ шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетінін айтты. Екі дөңгелекті көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру