Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер есірткі қойып кетушіні ұстады

Ақмолалық полицейлер есірткі қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында криминалдық полиция қызметкерлері Степногорск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елорданың 29 жастағы тұрғынын ұстады. Рұқсатсыз жеке тінту кезінде оның сырт киімінің қалтасынан шығу тегі белгісіз ұнтақ затқа ұқсас қара түсті изолентамен оралған 12 байлам табылып, тәркіленді.

Күдіктінің айғақтарын тексеру және нақтылау кезінде қаланың бірнеше шағын аудандарында қара түсті изолентамен оралған 3 ұқсас жиынтық табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 13,39 грамм болатын психотропты a-pvp заты екендігі нақтыланды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру