Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы тергеу изоляторында тіс пастасына жасырылған есірткі табылды

Алматыдағы тергеу изоляторында тіс пастасына жасырылған есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы тергеу изоляторының сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде тыйым салынған заттарды тасымалдаушылардың әрекеті жиі әшкереленеді.

13 сәуір күні бақылаушылар тіс пастасының ішіне салып әкелген есірткі затын анықтады. Сәлемдеме иесі 32 жастағы Абылайхан деген азамат. Есірткілік затты ол 42 жастағы танысына сәлемдеме ретінде әкелген. Тергеу изоляторында жатқан танысы адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы қару қолданып қарақшылық жасағаны үшін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Аталған факт бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақырылып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру