Астана полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен азаматты анықтады
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасауға қатысы бар 31 жастағы ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында күдікті өзімен бірге бұрағышты алдын ала алып, пластикалық терезені бұзу арқылы Қабанбай батыр даңғылындағы дүкенге кіргені және 150 мың теңге көлемінде ақша мен азық-түлік ұрлығын жасағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, сауда объектілерін күзет дабылдарымен жабдықтауға ескертеді.