Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада психолог сотталғандарға тренинг өткізді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТЖБ-нің аға психологы А. Мырзалының ұйымдастыруымен мекемеге Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы шақыртылып, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары арасында «Ойын терапиясы» тренингі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тренинг барысында алдымен сотталғандармен жақсы қарым-қатынас орнату үшін, жұмыс атмосферасын тудыру мақсатында «Менің есімім…» танысу ойыны ойнатылды. Ойын шарты бойынша, әр сотталған өзінің есімін, бойындағы жақсы қасиеттерін айтты. Тіптен бұл жасақтағылар ойын барысында бір-бірін мақтап, көтермелеп, ерекше қасиеттерін санамалап жеткізді. Бұл олардың бойында өз-өздеріне деген сенімділігін арттырды.

Ал екінші жемістер жинау ойнынының шарты бойынша топ атынан шыққан жазасын өтеуші екі азамат көздері байлаулы күйде дөңгелек жемістерді неғұрлым көбірек жинау үшін сезімталдық түйсігін іске қосып, жылдам екендерін дәлелдеді. Нәтижиесінде көбірек жеміс жинаған епті, шапшаң қимылдайтын С.есімді азаматтың ұйымшыл тобы жеңіске жетті. Сол сияқты құбыр деп аталатын ойын барысында да, жазасын өтеушілер бірлесе, ақылдаса отырып, қағаздан құбыр жасап, құбырдан ұңғымаға дейін су ағыза білді. Нәтижиесінде бірлесе жұмыс жасай отырып, топпен жақсы қарым-қатынас орнатуға машықтанды.

– Бүгінгі ойын маған қатты ұнады. Әртүрлі іс-әрекеттерге түсіп, дене қимылдарын жасадық. Бір үйдің балаларындай жақын, жылы аураны сезіндік. Көңіліміз көтеріліп қалды. Бұл үшін Айзат Мырзалыға және келген қонаққа да ерекше алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрса деген ұсынысымызды білдіреміз, – деді Ш. есімді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру