Павлодар облысында бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен күдіктілер қолға түсті
Павлодар облысында бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектептердің бірінен темір қақпа ұрланған. Шарбақты ауданының полиция бөліміне белгісіз біреулер Шарбақты ауылының жылу қазандығынан темір қақпаны ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Арнайы іс-шаралар барысында тергеушілер күдіктілерді, яғни екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ауыл тұрғындары бұрын мектепте отыншы болып жұмыс істеген, жұмыстан шығарылғаннан кейін жұмысшылар бұл қақпаларды металл қабылдау пунктіне тапсыру үшін қолды қалған.
– Полиция қызметкерлерімен заттай айғақ тәркіленді. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құрады. Тергеу жалғасып жатыр, – дейді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Әленов.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.