Жамбылдық полицейлер нашақорлыққа қарсы науқан өткізді
Жамбылдық полицейлер нашақорлыққа қарсы науқан өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткісіз болашақ! Дәл осындай ұранмен жасөспірімдер мен жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастыруға бағытталған «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде науқан өтті.
Ұйымдастырушы – Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болды. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім, денсаулық сақтау басқармаларының, Тараз қаласы прокуратурасының, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының, ювеналдық полицияның қызметкерлері қатысты.
Науқан барысында тыйым салынған заттарды тұтыну және тарату, оларды қолданудан жастардың денсаулығына кері әсерін тигізетін құқықтық жауапкершілікті түсіндіру бойынша дәріс өткізілді.
Студенттер есірткіге қарсы бейнероликтерді тамашалады. Сондай-ақ облыс ПД кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің қойылымдары көрсетілді.
– Акцияның мақсаты – балалар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынудың зияны және есірткі қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттандыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын белсенді насихаттау. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық – жаһандық ауқымдағы проблема, біздің заманымыздың ең қорқынышты құбылыстардың бірі. Дүние жүзіндегі көптеген адамдар азғыруға бой алдырады және өз мәселелерін осылай ұмытуға болады деп ойлап, осы жаман жолға түседі. Бірақ, шын мәнінде, есірткі заттары тек жаңа проблемалар туғызады. Көбінесе емдеу курсынан өткендер де бұл тәуелділіктен біржола құтыла алмайды, – дейді облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.