Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тұрғындарды сан соқтырған алаяқтарды іздеп жатыр

Ақмола полицейлері тұрғындарды сан соқтырған алаяқтарды іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер облыс тұрғындарына онлайн-сатып алуды рәсімдеу кезінде, интернетте мәмілелер жасау кезінде интернет-алаяқтықтың әртүрлі деректері туралы ескертеді. Сондай-ақ алаяқтықтың басқа түрлері туралы ұмытпауды сұрайды.

Мәселен, 30 сәуір күні Есіл аудандық полиция бөлімі жергілікті тұрғынның өтініші бойынша алаяқтық дерегін тіркеді. Бір күн бұрын OLX интернет-сайтында белгісіз тұлғалар жеңіл көліктің тіркемесін сату туралы хабарландыру жариялағаны алдын ала анықталды. Өтініш берушіге тиесілі 220 мың теңге алғаннан кейін, белгісіз адамдар сатып алушымен байланыс орнатуды тоқтатқан.

Алаяқтардың құрбаны Ерейментау ауданының тұрғыны болды. Ол 25 сәуір күні Binans интернет платформасы арқылы өзінің қаржылық қаражатын көбейтуге тырысқан. Әйел 310 мың теңгесінен айырылды.

Сонымен қатар Степногорск қаласының 22 жастағы тұрғыны қылмыскерлердің әрекетінен зардап шекті. Ақмола тұрғыны 2023 жылдың 14 ақпаны мен 29 наурызы аралығында белгісіз адам алдау арқылы оның атына “Микроқарыз” және “Кредит” ЖШС қосымшаларында 250 мың теңге сомасында микронесие рәсімдегенін хабарлады.

Қазіргі уақытта жәбірленушілердің өтініштері тіркелді, полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау үшін жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру