Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қызметтік қаруды сақтау ережелерін тексеріп жатыр

СҚО полицейлері қызметтік қаруды сақтау ережелерін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz

СҚО аумағында қызметтік қаруды пайдаланатын 8 табиғатты қорғау ұйымы тіркелген. Бірақ бұл ұйымдардан да қаруды қауіпсіз сақтау талап етіледі. Әкімшілік полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын 17 мамырда басталған “Қызметтік қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізіп жатыр. Тіркелген қару үлгілерінің нақты қолданыстағы жай-күйі, арнайы сейфтерде қалай сақталатыны, агрегаттық нөмірлері, патрондар саны, тиісті құжаттары мен басқа да ерекшеліктері тексеріледі.

Бүгінгі күні үш мемлекеттік және бес табиғатты қорғау ұйымдарында қызметтік қару мен оған арналған патрондардың айналымы жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтауды тексеру бойынша жұмыстар аяқталды. Барлық объектілер тексеріліп, бір бұзушылық анықталды: тексеру кезінде ұйымдардың бірінің басшылығы түгендеу актісін ұсынбады. Лауазымды тұлға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершгілікке тартылды, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Мұндай тексеру жұмыстарын полицейлер үнемі жүргізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру