Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған мас жүргізуші ұсталды

Абай облысында көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған азамат масаң күйде қайта рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының соңында Көкпекті ауданының Үкілі-Қыз ауылында ауданның 41 жастағы тұрғыны басқарған ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылдың тамызында аудандық соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлімінде (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны анықталды. Оған көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны белгілі болды.

Медициналық куәландыруға жеткізілген ер адам медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, “ауыр” дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Автокөлік мамандандырылған тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жоғарыда аталған баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру