Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қызметтік қаруды сақтау ережелерін тексеріп жатыр

СҚО полицейлері қызметтік қаруды сақтау ережелерін тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz

СҚО аумағында қызметтік қаруды пайдаланатын 8 табиғатты қорғау ұйымы тіркелген. Бірақ бұл ұйымдардан да қаруды қауіпсіз сақтау талап етіледі. Әкімшілік полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын 17 мамырда басталған “Қызметтік қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізіп жатыр. Тіркелген қару үлгілерінің нақты қолданыстағы жай-күйі, арнайы сейфтерде қалай сақталатыны, агрегаттық нөмірлері, патрондар саны, тиісті құжаттары мен басқа да ерекшеліктері тексеріледі.

– Бүгінгі күні үш мемлекеттік және бес табиғатты қорғау ұйымдарында қызметтік қару мен оған арналған патрондардың айналымы жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтауды тексеру бойынша жұмыстар аяқталды. Барлық объектілер тексеріліп, бір бұзушылық анықталды: тексеру кезінде ұйымдардың бірінің басшылығы түгендеу актісін ұсынбады. Лауазымды тұлға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершгілікке тартылды, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Мұндай тексеру жұмыстарын полицейлер үнемі жүргізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру