Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер бірнеше мәрте шоколад ұрлаған азаматты анықтады

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың гипермаркетінен бірнеше рет Merci шоколадын ұрлаған адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда шоколадты ұрлаудың төрт дерегі белгілі болды.

Күндізгі уақытта күдікті гипермаркетте тауарлар сөресінен шамамен 35 мың теңге сомасына шоколадты ұрлап кеткен.

Шоколадтар салынған жұқа қорапты жасыру оңай болғандықтан, жас жігіт бір уақытта 10-нан 20-ға дейін шоколадты дүкеннен алып шыққан. Кейін тауарды кездейсоқ адамдарға төмен бағамен сатып жіберген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 21 жастағы жігіт мойындау көрсетпелерін берді, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғау шараларын енгізуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру