Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде танысының көлігін ұрламақ болған азамат ұсталды

Семейде танысының көлігін ұрламақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының басында Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына 57 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 5 мамыр күні сағат 13:00 шамасында үйінде жүрген танысы Volkswagen автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залал сомасы 1,5 млн теңгені құрады.

Жедел түрде «ұстап алу» жоспары енгізіліп, нәтижесінде «Сергек» АБК камерасының көмегімен ұсталған адам ПБ-ға жеткізілді. Тану туралы куәлік бере отырып, көлік тәркіленіп, мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру