Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын танысының телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен

Елордалық тұрғын танысының телефонынан қоңырау шалуды өтініп, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, жаңа танысы қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, оны алып кеткені туралы хабарлаған.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның жәбірленушімен күндізгі уақытта Гете көшесінде танысқаны және бірге ішімдік ішкені белгілі болды. Әңгіме барысында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, қоңырау шалу үшін оның телефонын сұраған. Сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, ол бірте-бірте алшақтап, содан кейін қадамын тездетіп қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Егер сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу полицияға, «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру