Супермаркеттен азық-түлік ұрлаған елордалық тұрғын анықталды
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 32 жасар тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында елордалық әйел таңертеңгі уақытта Тәуелсіздік даңғылындағы дүкенге келгені белгілі болды. Клиент кейпінде тауарларды қарастырып жүріп, өзінің іс-әрекетін ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, азық-түліктерді жасырын алып, дүкеннен кетіп қалған.
Ұрлыққа қатысы бар әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті сауда қызметкерлеріне қырағы болуға, күдікті тұлғаларға назар аударуға және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.