Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сотталғандары арасындағы тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды әлеуметтендіру, босатылғаннан кейін көмек көрсету. Ұзақ жылдар қамауда отырған сотталғандардың қоғамға бейімделуіне көмектесу, жұмысқа орналастыру, дұрыс жолды таңдауға бағыттау.

2023 жылдың 31 мамырында Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №21 мекемесінен сотталған Д. және Е. есімді азаматтар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың туыстарымен кездесу ұйымдастырып, сондай-ақ Семей қаласының жұмыспен қамту орталығымен (ЖҚО) бірлесе отырып, бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. Осыған орай, мекеме әкімшілігі «Қақпа алдындағы кездесу» жобасын ұйымдастырып, осы әлеуметтік жобаның арқасында бостандыққа шыққандар құжаттарын қалпына келтіру, кәсіп табу, мемлекет оларға қалай көмектесетінін біледі. Осылайша, босату процедурасы жұмыс режимінде өтті, содан кейін сотталғандар қайтадан бас бостандығына ие болды.

«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Бұрын сотталғандарды бейімдеу – қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ғана емес, жалпы қоғамның міндеті. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтендіру, қайталанатын қылмыстың орташа деңгейін төмендету негізгі тәсілдерінің бірі.

– «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды дұрыс жолға салуға көмектеседі. Босап кету оңай, бірақ өзін қоғамда қайта табу және адаспау өте қиын, сондықтан біз бостандықта кем дегенде біраз көмек көрсетуге тырысамыз, – дейді Абай облысы бойынша ҚАЖД №21 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің сотталғандардың босағаннан кейінгі тұрмыспен және еңбекпен орналастыру бойынша аға инспекторы М.М.Нурумбекова

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру