Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамда жұмысқа орналаспақ болған 5 тұрғын танысына алданып қалды

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырып беремін деп бес тұрғынды алдап, 1,5 млн теңге жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына алаяқтың құрбаны болған бес ауыл тұрғыны арызданды. Олардың айтуынша, таныс ер адам жұмысқа орналастырып беремін деп уәде беріп, әрқайсысынан 300 мың теңгеге жуық қаражаттан алған. Жәбірленушілерге жалпы 1,5 миллион теңге шығын келтіріп, соңында хабарсыз кеткен.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Қылмысты ашу үшін тәртіп сақшылары жәбірленушілерден жауап алып, басқа да қажетті шараларды қабылдады. Жиналған мәліметтер бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, алаяқты ұстады. Ол Сайрам ауданының жұмыссыз, бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті тұрғындардың ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру