Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері 160 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодар облысының полицейлері 160 құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторлары тәулік бойы облыс орталығының аулалары мен көшелерінде болған 160 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 103 дерек жол қозғалысы ережесін бұзу, 22 факт абаттандыруды бұзу, 20 дерек қайыр сұрау фактісі, 15 азамат мас күйінде ішімдік ішкені немесе қоғамдық жерде жүргені үшін жауапқа тартылды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына қоғамдық орындарда мас күйінде болған 59 азамат жеткізілді. Бұған дейін басқару құқығынан айырылған автокөлікті басқарған екі автокөлік жүргізушісі де жауапкершілікке тартылды. Үш автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Мәселен, 4 маусымда сағат 00.00-де Павлодар қаласында Майра көшесін патрульдеу кезінде 42 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota көлігі тоқтатылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сол күні сағат 16.20-да Қамзин көшесінде полицейлер 42 жастағы ер адамды тоқтатты. Деректер базасын тексеру кезінде телефон 2020 жылдан бастап ұрланған деп саналды. Сағат 02.10-да Кенжекөл ауылына кірген кезде Ақсу қаласының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында ер адамның алимент өндіріп алу туралы істер бойынша іздеуде екендігі анықталды. Одан әрі талқылау үшін ұсталғандар Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру