Павлодар облысында көлік кюветке аударылды: жолаушы көліктен ұшып кеткен
Павлодар облысында көлік кюветке аударылды. Жолаушы мен жүргізуші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі көліктің техникалық жарамдылығына, жүргізушінің біліктілігі мен құзыретіне тікелей байланысты, ол жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға тиіс.
Автокөліктің кез келген ақаулығы адамдар зардап шегуі мүмкін жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Мысалы, 1 маусымда 140 км Ленинск – Курчатов автожолында Май ауданы Жұмыскер ауылының маңында ЖКО болды. Онда 40 жастағы жүргізуші Toyota ranner көлігін басқара алмай, кюветке аударылды. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Полиция анықтағандай, көліктің жүріс бөлігінде ақаулар болған.
– Автокөлік аударылып, кюветке ұшып кетті, ал қауіпсіздік белдігі бекітілмегендіктен, жолаушы көлік терезесінен ұшып кетті. Осы факт бойынша 40 жастағы жүргізушіге қатысты техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін және қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмабаев.
Жыл басынан бері барлығы 3 мыңнан астам жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қатысушылар жолда мұқият болу және жол қозғалысы ережелерін сақтау, жүргізушілерге, әсіресе алыс жолға шығу кезінде автокөлікке техникалық тексеру жүргізу қажет екенін ескертеді.