Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жаман әдеттер туралы ертегі»: қызылордалық оқушыларға қуыршақ спектаклі көрсетілді

Қызылордалық оқушыларға «Жаман әдеттер туралы ертегі» спектаклі көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімімен бірлесіп «Жаман әдеттер туралы ертегі» қуыршақтар спектаклін көрсетті.

Ертегі балаларға жаман әдеттер ауыр зардаптарға әкелетінін және олардан аулақ болуды, бейтаныс адамдардан ештеңе қабылдамауды, әрқашан жоқ деп айта білуді, сонымен қатар жақсы достар ешқашан жаман нәрсе жасауды ұсынбайтынын көрсетті. Қуыршақтар спектаклі балаларда үлкен қызығушылық тудырды және өз әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Олар жеке эпизодтарды достары мен ата-аналарына айтып, қандай эмоцияда болғандарын жеткізді. Осы театрландырылған қойылымды көру балаларға проблемалық жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін түсінуге мүмкіндік берді.

Сахнада болып жатқан оқиғалар көптеген сұрақтың жауабын табуға және ішкі қақтығыстарды шешуге көмектеседі. Балалар өздерін жақсы көретін кейіпкерлермен сәйкестендіреді, олар жеткіншектерге үлгі болады. Ал жағымсыз кейіпкерлер оларға ұқсамауға деген ұмтылысты тудырады. Мұндай іс-шаралар Қызылордалық есірткі күресшілерінің алдағы профилактикалық жұмыстарында да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру