Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақшасын көбейтпек болған Ақтөбе облысының тұрғыны қомақты қаржысынан айырылды

Алаяқтар капиталды көбейтуге уәде беріп, Ақтөбе облысы тұрғынының 8 млн теңгесін иеленген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар сұраған қаржыны аудару үшін әйел екі несие рәсімдеп, қарызға ақша алған. Алданғанын білгеннен кейін барып жәбірленуші тұрғылықты жері бойынша Алға ауданының полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы арызданды.

57 жастағы әйел полицейлерге сәуір айынан бастап белгісіз адамдар оны алдап 8 миллион теңгеден астам ақшасын алып, оны екі есеге көбейтуге уәде бергенін айтты. Жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы қаржы компаниясының парақшасында сауалнама толтырып, тіркелген. Осыдан кейін қаржы компаниясының кеңесшісі оған телефон шалып, капиталды көбейту жобасының бар екенін түсіндіріп, ақша салуға көндірген. Содан сенгіш әйел алаяқтардың арбауына түсіп, қомақты қаржысынан айырылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру