Жамбылдық полицейлер масаң күйде көлік басқарған екі жүргізушіні анықтады
«Мас жүргізуші – қылмыскер» атты жедел-профилактикалық іс-шара барысында қала көшелерін патрульдеу кезінде мас күйде көлік тізгіндеген екі жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы қала тұрғыны жол ережесін бұзу кезінде полиция қызметкерлерімен тоқтатылған, тексеру барысында оның ішімдік ішкендігі белгілі болды.Ал, 36 жастағы бикеш қала көшелерінде автокөліктің жылдамдығын асырып жүргізу кезінде тоқтатылған. Оның айтуынша 4-5 шыны сыра ішкен, үйі жақын болғандықтан полиция қызметкерлеріне ұсталамын деген ойы болмаған.
Екі жүргізуші де арнайы сараптамадан өткізіліп, дәрігердің қорытындысы бойынша олардың «орташа» дәрежелі масаң күйде көлік жүргізгендігі расталды.
Көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды.
Құрметті жүргізушілер, естеріңізде болсын, көлікті мас күйінде жүргізу өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндіру.