Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды

Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру қылмысы бойынша 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат сөйлесіп жүрген сүйіктісімен байланысын үзбей, міне енді отбасын құрды.

– Міне, заңды некеге тұрдым. Некелесіп отырған жарымды бостандықта жүрген кезден бері танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуміз некемізді қиып, үйленуге шешім қабылдадық, – дейді жазасын өтеуші азамат.

Мекеме бастығының айтуынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Ал өткен жылдың өзінде 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға оң әсер етеді екен.

– Сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам деп жақсы жаққа өзгеруге тырысады, – дейді мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру