Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер 5 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады

Атыраулық полицейлер 2018 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында заңсыз көші-қон фактілерін анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында республикалық “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Аталған шетел азаматы 2023 жылдың 3 маусымында Қазақстан шекарасына өтіп, жұмысқа орналасу үшін құжат тапсыруға Атырау қалалық көші-қон қызмет бөліміне  келген. Кейін полиция қызметкерлері шетел азаматының жеке басын жан-жақты тексеру барысында аталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүрген күдікті екендігі анықталған.

Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасап, 2018 жылдан бері іздеуде жүрген. Аталған факті бойынша қылмыскер ұсталып, криминалдық полиция басқармасына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру