Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құрамында есірткісі бар өсімдік өсірумен айналысқан 21 адам құрықталды

Қызылордада “Қарасора – 2023” іс-шарасының барысында құрамында есірткісі бар өсімдік өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 6-ы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр. 1 маусымда басталған іс-шара 31 қазанға дейін өткізілмек.

“Қарасора – 2023” шарасының  басты мақсаты –  есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу.


Іс-шара басталғалы облыс көлемінде  барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 17 дерегі есірткі өсіру, 2 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі аса ірі мөлшерде сақтау және 18 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 7 келі марихуана және 366 келі каннабис өсімдігі алынды.

Есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 6-ы қамауға алынды.

Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру