Қарағандыда тонау қылмысын жасаған күдікті қолға түсті
Қарағандыда тонау қылмысын жасаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 24:00 шамасында қаладағы дәмханалардың бірінің маңында тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
34 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне түнгілік уақытта дәмхананың жанында телефонмен сөйлесіп тұрғанда белгісіз біреу артынан келіп, жәбірленушінің бетінен ұрып, телефонын тартып әкеткен. Оқиға орнын қарау барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің телефонын тауып алды. Күдікті оқиға орнынан қашқанда телефонды лақтырып кеткен. Ол иесіне қайтарылды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.