Көкшетауда зейнеткерді 1,5 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ құрықталды
Көкшетауда зейнеткерді 1,5 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 90 жастағы тұрғыны алаяқтық дерегі туралы өтінішпен жүгінді. Зейнеткер 9 маусым күні сағат 12:00 шамасында белгісіз тұлғалар өзіне тиесілі 1 млн 500 мың теңге көлеміндегі қаражатты алдап тартып алғанын хабарлады.
Жәбірленушінің айтуы бойынша, күдікті оған үй телефонына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы жол-көлік оқиғасының кінәсі болғанын, ал зардап шеккендерді құтқару үшін 6,5 млн теңге қажет екенін хабарлаған.
Алаңдаған зейнеткер үйде тек 1,5 млн теңге бар екенін айтқан. Ақшаны алып кету үшін егде жастағы әйелге курьер келген. Тергеу барысында зардап шеккен адамның ақшасы кейінірек күдіктінің шотына аударылғаны анықталды.
Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Щучинск қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.
Полицейлер мұндай қоңыраулар кезінде телефонмен сөйлесуді дереу тоқтатуға, туыстарымен байланысуға және ата-аналарына, қарт таныстарына алаяқтықтың көрсетілген тәсілдері туралы ескертуге шақырады