Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздеп тапты
Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері әйелді бірнеше күн бойы іздеген, нәтижесінде оны Көкшетау қаласындағы ауруханалардың бірінен тапты.
9 шілдеде Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан 5 шілдеде 44 жастағы қайын енесінің үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны, яғни оның орналасқан жері ешкімге белгісіз екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Тәртіп сақшылары облыстың және қаланың барлық аудандарына жоғалған әйелдің суреті бар бағдарларды жолдады. Ақмола полицейлері ол барады деген барлық жерлерді мұқият тексерді және оны іздеуді жалғастырды.
Көршілер мен таныстардан жауап алынды.
Нәтижесінде 11 шілдеде ол ауруханаға жатқызылуы керек екені белгілі болды, өйткені оның жүрегі ауыра бастады.
Полиция қызметкерлері дереу қала ауруханаларының қабылдау бөлмелеріне хабарласып, әйелдің жоғалған сәттен бастап ауруханада жатқанын білді.
Айта кету керек, әйелдің жоғалғаны туралы арыз түскеннен кейін полиция мәйітхананы тексеріп, қаланың барлық қабылдау бөлмелеріне қоңырау шалған, бірақ жоғалған адамды іздеуге жақындататын ешқандай дерек таппады. Кейінірек белгілі болғандай, әйел шұғыл түрде кардиология бөліміне жатқызылған және ауруханаға түскендердің тізіміне енгізілмеген.
Полицейлер жоғалған әйелді іздеуге көмектескен барлық қамқор адамдарға, еріктілерге алғыс айтты.