Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері кезекті борышкердің мекенжайын анықтады

ШҚО полицейлері кезекті борышкердің мекенжайын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айында Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне облыс орталығының 23 жастағы тұрғынынан 4,3 млн теңгеден астам қарызды өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.

– Іздеу шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің Ресей Федерациясы Краснодар қаласында орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті осындай 50-ден астам борышкерді анықтады. Қазіргі уақытта оларға қатысты борыштар өндіріліп алынуда. Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру