Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісулық полицейлер аптап ыстыққа байланысты жүргізушілерге сақтық шаралары туралы ескертеді

Жетісулық полицейлер аптап ыстыққа байланысты жүргізушілерге сақтық шаралары туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында полицейлер өңірдегі қалыптан тыс ыстық ауа райына байланысты жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

– Аптап ыстықта жолға шығатын барлық жүргізушілер үшін сапарды жеңілдететін және әртүрлі қиын жағдайларда көмектесетін бірнеше ережелерді сақтауды ұсынамыз. Негізінде бұл ережелер барлығына белгілі, бірақ оларды көбісі елеп-ескермейді. Дегенмен, оларды сақтау қазір өте маңызды, – деді Жетісу облысы ПД ППБ командирі Абылай Беркендіков.

Полицейлер жүргізушілерге төмендегідей кеңес береді:

– Алыс сапарға жол жүруді таңертең немесе кешке, яғни күн жоқ кезде жоспарлау қажет;
– Дәрі-дәрмекті жүксалғышта емес, өзімен бірге қобдишасында ұстаған жөн және тәтті сусын емес, таза су ішуге кеңес береміз;
– Күннің ыстығынан асфальт өз сапасын жоғалтады және тайғақ болады. Сондықтан жолда барынша абай болу керек;
– Көліктің суыту жүйесін үнемі бақылап, термометрдің «қызыл» аймаққа шығуына жол бермеу керек. Дизельді отын мен бензин жоғары температура кезінде буланады. Бұл өрттің шығуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, сапар алдында жарамды өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеру қажет;
– Күннің аптап ыстығында жүрек-қантамыр және созылмалы аурулары бар жүргізушілерге осы кезеңде жол жүруден бас тартуға кеңес береміз;
– Көлікті жүргізіп келе жатып өзін жайсыз сезінетін болса, жүргізуші көлікті тоқтатуы керек.

Жағдайы нашарлаған жағдайда тез арада «112» немесе «102» құтқару қызметіне қоңырау шалғаны жөн.Сондай-ақ, ыстық ауа райында көптеген адамдарда бастың айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық пайда болып, ұйықтау қаупі артатынын еске саламыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру