Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы өзгерістер қылмыстық кодекске 19 мамырдан бастап, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңнамалық өзгерістер тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуге қатысты болды.

Өтініш берушіден анықтау сипатына көшу туралы заң, тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жәбірленушілердің өтінішінсіз қозғауға мүмкіндік береді. Тараптардың татуласу мүмкіндігі қысқарды, яғни сотта бір рет ғана татуласуға болады.

Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, Астана қаласы полиция департаментінің «102» каналына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы 669 хабарламасы келіп түсті. Оның 20% азаматтық-құқықтық қатынастар, (мүлікті бөлу, жұбайын емделуге жеткізу т.б.) қараусыз қалдырылған өтініштер.

Түзетулер заңды күшіне енгенге дейін отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық фактісі бойынша барлық өтініштердің 70% қараусыз қалатын. Көбінесе бұл жағдай өтініш берушілердің арыз бергеннен кейінгі алғашқы тәулікте өзара татуласып, әрі қарай талқылаудан бас тартуына байланысты туындайтын. Кейбір жағдайларда бұл полицияға жүгіну құқығын теріс пайдалану деректеріне алып келіп соғатын және отбасылық жанжал жағдайында манипуляция құралы ретінде қолданылған.

Тұрмыстық қылмыстың алдын алудың түбегейлі жаңа тетігін енгізу отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына қысым жасау фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жазаның бұлтартпаушылығы қағидатын іске асыруға және агрессорларды қайта тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 180-ге жуық адам отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жазаланды. 152 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылып, 58 отбасылық агрессордың құқыққа қайшы мінез-құлқын тоқтату және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанын қорғау мақсатында уақытша ұстау камерасына қамалды.

Мәселен, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 20 тәулікке отбасылық жанжалқой қамауға алынды. Полиция қызметкерлері «102» арнасына түскен отбасылық жанжал фактісі бойынша тексеру кезінде, есепте тұратын тұлғаның үйінде мас күйде бола тұра, отбасылық жанжалды қайта ұйымдастырып, оған қатысты мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды бұзғанын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру