Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері көліктегі “түтін кешін” тоқтатты

Шымкентте үш жігіттің оғаш әрекетін бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта кезекшілікте болған жедел басқару орталығының инспекторлары байқап қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орта жастағы ер адам көліктің жүк салғышында пластикалық бөтелкеден түтік жасап, достарының арасында есірткі шөбін шеккен.

ЖБО-ның хабарлауымен оқиға орнына барған полиция қызметкерлері көңіл көтерудің шырқын бұзған.

Тәртіп сақшыларын байқаған заң бұзушылар тыйым салынған заттарды жасыруға тырысқан. Әсіресе, олардың арасындағы есірткі шеккені барын салды. Ол қағазға оралған марихуана мен түтіктің басын жұдырығына қысып жасырған.

Абай АПБ-ның анықтаушылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары қылмыстарды ашуда және олардың алдын алуда үлкен рөл атқарады. Мәселен, соңғы аптада ЖБО камераларының көмегімен құқық қорғау органдары 8 қылмыстық құқық бұзушылықты ашты: ұрлық, тонау, бұзақылық және т.б.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру