Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты
Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысып қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №23 мекемесінің кадр саясытының қызметкерлері “Осында және қазір” форматында “Жастарға жұмыс” жобасы аясында Семей Арбатында өткен бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Іздеушілер ҚАЖ қызметі туралы, Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесіндегі бос жұмыс орындары мен қызмет барысындағы жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер туралы білді.
Бос орындар жәрмеңкесіне болашақ талапкерлер де қатысты. №23 мекемесінің өкілдері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясында жоғары білім алу мүмкіндігі туралы да айтып берді.
Қостанай қаласындағы Шырақбек Қабылбаев атындағы академия туралы курсанттар үшін қандай кепілдіктер және жеке оқу тәжірибесі туралы түсініктеме берді. Барлық тілек білдірушілер мекеменің кадр қызметінен ақпараттық материалдары мен байланыс деректерін ала алды.
Іс-шара барысында кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері қызметке үміткерлермен сол арада жеке әңгімелесу де өткізді. Алдағы күндері кадр аппаратының қызметкерлері қызметке әлеуетті кандидаттардың деректерін қарап, олардың жұмысқа орналасуына қатысты шешім қабылдайды.