Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде шетелдік азаматқа қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Ақтөбеде пышақ қолданып, шетелдік азаматқа қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілдеде полицияның “102” телефонына шетел азаматы хабарласып, пышақ қолданып, оның телефонын тартып алған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдануды сұрады. Жәбірленушіге келтірілген материалдық залал сомасы 100 теңгені құрады.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” екі ақтөбелік күдіктіні ұстады. Олар істеген істерін мойындады. Бүгінгі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар күдіктілерден ас үй пышағы мен жәбірленушінің ұрланған телефоны заттай дәлел ретінде тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру