ШҚО-да өз саяжайында қарасора өсірген азамат ұсталды
ШҚО-да өз саяжайында қарасора өсірген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының ортасында “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында 42 жастағы облыс орталығы тұрғынының есірткі заттарын заңсыз өсіруі туралы ақпарат жедел уәкілдердің орбитасына түсті. Алынған сигналды тексеру барысында көрсетілген ақпарат расталды.
Жылыжай ішіндегі саяжай аумағын тінту кезінде жалпы салмағы 1140,55 грамм болатын қарасора өсімдігінің 73 бұтасы табылып, тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол өзінің «егінін» жеке тұтыну үшін өсірген.
Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.